Бүгiн 2026, 08:32 Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Бүгін сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ұзақ серуендеуден бас тартуға шақырады.

Бүгін, 16 наурызда Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің дерегінше, ауаның ластануына ықпал ететін жағдайлар Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Ақтөбе, Алматы, Астана және Қостанай қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Оған желдің әлсіздігі, тұман, ауа инверсиясы және тымық ауа райы жатады.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.