Бүгiн 2026, 08:54 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Бүгін сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер мұндай кезде ашық ауада, әсіресе жол жиегі немесе ластанған аймақтарда ұзақ жүрмеуге шақырады.

Бүгін, 27 ақпанда Қазақстанның сегіз қаласында – Астана, Павлодар, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Өскемен, Семей және Риддерде атмосфералық ауаның ластануы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді. Мұндай кезде ауа сапасы нашарлап, денсаулыққа әсер етуі мүмкін.

Синоптиктер мұндай кезде ашық ауада, әсіресе жол жиегі немесе ластанған аймақтарда ұзақ жүрмеуге шақырады. Сондай-ақ балалар мен жүкті әйелдер серуендеуден бас тартуы керек.