Бүгін руханиятымыз үшін атаулы дата – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толып отыр. Бұл – әдебиетіміз үшін ғана емес, тұтас руханиятымыз үшін атаулы дата. Себебі Мұқағали – ұлттық болмысымызды өлеңмен өрген біртуар талант иесі. Ақынның шығармаларында қазақы бояудың қалың екенін аңғару қиын емес. Шын мәнінде, өлеңдерінен ұлттық рухтың лебі еркін сезіледі. Сол себепті де Мұқағалидің жырлары әр оқырманның жүрегіне жол таба білді. «Мен – таулықпын!» деп, Хан Тәңірінен шабыт алған ақынның өлеңдері де қазіргі таңда қазақ поэзиясының асқар шыңына айналғаны анық. Сондықтан халқын, тілін, Отанын үш бақытына теңеген Мұқағалидің шығармаларын дәріптеудің қашанда маңызы зор. Бұл, әсіресе, бүгінгі буын мен келер ұрпақтың абыройлы міндеті болуға тиіс, – деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы