Бүгін рухани келісім күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл – бірлік пен кешірім, мейірімділік пен түсіністік күні.
1992 жылы Алматыда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен I Дүниежүзілік рухани келісім конгресі өткен еді.
Оған түрлі конфессиялардың, теологиялық мектептер мен гуманитарлық қоғамдық қозғалыстардың өкілдері жиналды.
Олар 18 қазан – рухани келісім күні деп белгілеп, қақтығыстарға мораторий жариялады.
Республикамызда тұрып жатқан барлық халықтардың адамгершілік және рухани бірлігі - еліміздің одан әрі гүлденуінің басты іргетасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы