Бүгін республиканың екі қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 желтоқсан, жұма күні Алматы және Өскемен қаласында ауа сапасы ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басқа шаһарларында метеорологиялық жағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы