Бүгін республиканың 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

18 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Дегенмен алты қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 18 қазан, сәрсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы