Бүгін республиканың 3 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қараша, сәрсенбі күні республиканың 3 қаласында – Нұр-Сұлтан, Шымкент, Балқашта ауа сапасының ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің болжауынша, Ақтөбе,Алматы, Қарағанды, Тараз, Теміртау, Өскеменде метеожағдай тұрақты болмақ.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы