Бүгін республика қалаларындағы метеожағдай қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 қазан, сенбі күні еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктер мәліметінше, бүгін Шымкент және Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Қарағанды облысының Балқаш қаласында атмосфералық ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы