19 Қыркүйек 2023 2023, 08:05
Фото: baq.kz
Бүгін Қытайда Азия ойындарының алғашқы жарыс күні басталады
Бүгін Қытайда Азия ойындарының алғашқы жарыс күні басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Қытайда Азия ойындарының алғашқы жарыс күні басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Волейболдан ерлер құрамасы А тобындағы іріктеу кезеңінде бірінші ойынын өткізеді. Сонымен бірге Қазақстан спортшылары жағажайдағы волейболдан да бақ сынайды.
Таңғы сағат 8:30-да Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездеседі. Ал 14:00-де жағажайдағы волейболдан әйелдер құрамасы Индонезияға, 19:00-де Шри-Ланка командасына қарсы ойнайды. Ерлер құрамасы 7:00-де Тимор-Лесте спортшыларымен өзара мықтыны анықтайды.
Іріктеу сайыстары Qazsport телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.