Бүгін – Құрылтай сайлауына дауыс беру күні
Әр азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау арқылы елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіре алады.
Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Бұл – елдің саяси жүйесіндегі маңызды өзгерістерден кейінгі алғашқы парламенттік сайлау.
Әр азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау арқылы елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіре алады.
Сайлау қорытындысы бойынша 145 депутат бес жылдық мерзімге сайланады. Дауыс беру партиялық тізім бойынша өтеді. Сайлауға жеті саяси партия қатысып отыр.
Сайлау учаскелері негізінен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам учаске ашылған, ал кейбір учаскелер таңғы 06:00-ден бастап жұмысын бастады.
Дауыс беру аяқталғаннан кейін бюллетеньдерді санау басталып, сайлаудың ресми қорытындысы белгіленген тәртіппен жарияланады.