Бүгін – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні

Бүгін әлем бойынша басталған Құрбан айт мейрамы үш күнге созылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл күндері құрбандыққа мал шалып, азығы жоқ, мұқтаж жандарға таратылады. Ислам түсінігі бойынша жоқ-жітік жандарға көмектесу сауапты іс саналады. Сондай-ақ, мұсылмандар құлшылық етіп, көбірек жақсы амалдар жасауға тырысады. Мереке кезінде Құрбан айт намазы оқылады.

Еліміздің әр өңірде намаз оқудың бекітілген уақыты бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халыққа мерекенің мән-жайын кеңінен түсіндіріп жүр. Аталған мерекеге тән міндет – Құрбан шалу болып саналады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы