Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның мәдени  және табиғи мұрасының 5 көрнекті ескерткіштері ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміне енді.

ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Қазақстандағы нысандар мәдени нысандар: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл; Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, 2004 жыл; Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі, 2014 жыл. 

Табиғи нысандар: Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, 2008 жыл; Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.

Бүгінгі арнаулы датаға орай БОРТN1 телеграм-арнасы тарихи сәттерден суреттер жариялады.

Суретте Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майор, Париж, 1992 жылғы мамыр. 

 

1992 жылы 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майордың бірге түскен суреті, Париж.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы