Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

"Қазгидромет" РМК бүгін, 17 маусым күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайтынын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астана, Алматы және Өскеменде ау ластанады.

Метеожағдайлардың қолайсыз болуы – атмосфераның төменгі қабаттарында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін табиғи құбылыс. Оған тұман, әлсіз жел, ауаның тоқырауы және инверсия сияқты факторлар әсер етеді. Мұндай жағдайда ауа сапасының нашарлауы тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Синоптикалық жағдай, яғни желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және температура атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтауда маңызды рөл атқарады.

"Қазгидромет" мамандары халықты ауа сапасына байланысты сақтық шараларын сақтауға, мүмкіндігінше ашық ауада көп уақыт өткізуден бас тартуға кеңес береді. Әсіресе балалар, қарттар және тыныс алу жолдары ауруына шалдыққан азаматтар аса мұқият болуы тиіс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив
Өзгелердің жаңалығы