2 Қыркүйек 2025 2025, 08:54
Фото: istockphoto.com
Бүгін Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа сапасының нашарлауы мүмкін.
Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа сапасының нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, 2 қыркүйек күні Ақтөбе мен Алматыда, ал түнде Атырау мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін табиғи құбылыстардың жиынтығы. Мұндай кезде желдің әлсіздігі, тұман немесе инверсия салдарынан ауа сапасы нашарлап, халықтың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, ластану деңгейін көбіне жел, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылық сынды синоптикалық факторлар айқындайды.