Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 сәуірде Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, сәрсенбіде ауа сапасы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында нашарлайды.
Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы