25 Маусым 2023 2023, 08:34

Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгиромет» РМК-на сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгиромет» РМК-на сілтеме жасап.

2023 жылғы 25 маусымда Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.