Бүгін Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 21 сәуірге арналған ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәліметке сәйкес, бүгін Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – тымық ауа райы, баяу жел, тұман мен инверсия сынды құбылыстардың жиынтығы, олар зиянды заттардың атмосферада шоғырлануына себеп болады. Мұндай кезде елдімекендердегі ауа сапасы айтарлықтай нашарлауы мүмкін.
Мамандар тұрғындарға денсаулығына зиян келтірмеу үшін сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астана-Ақтау бағытындағы ұшақта жолаушы бортсерікті ұрып жіберді
Өзгелердің жаңалығы