Бүгін Қазақстанның 7 қаласында қолайсыз ауа райы болады

Бүгін елдің 7 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

2022 жылғы 26 желтоқсанда Астана, Көкшетау, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі,- делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - жағдайлар температурамен, ылғалдылықпен, ауаның тазалығымен, атмосфералық қысыммен, желдің жылдамдығымен және бағытымен, күн радиациясымен, Жердің және атмосфераның жылулық сәулеленуімен, бұлттылықпен, күннің күркіреуімен, дауылдармен және тағы да басқа метеорологиялық элементтермен сипатталады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы