Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай?

Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 8 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы