Бүгін Қазақстан бойынша ауа сапасы нашарламайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 19 тамыз күні еліміздің барлық қалаcында қалыптасатын метеорологиялық ахуалды мәлім етті.

Сонымен, бүгін ауа сапасының ластануы ешбір қалада күтілмейді. Қазақстанның барлық қаласында метеожағдай норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы