Бүгiн 2026, 08:11 Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

Мамандардың айтуынша, ауа сапасына желдің күші, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы сияқты синоптикалық жағдайлар тікелей ықпал етеді.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2026 жылғы 29 маусымда Қазақстанның ешбір өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтілмейді. Демек, елді мекендерде атмосфералық ауаның ластану деңгейінің артуына негіз жоқ.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлардың әсерінен ауадағы зиянды заттардың жерге жақын қабатта жиналуы. Мұндай кезде ауа сапасы нашарлап, әсіресе балаларға, жүкті әйелдерге және тыныс алу немесе жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға кері әсер етуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, ауа сапасына желдің күші, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы сияқты синоптикалық жағдайлар тікелей ықпал етеді.

Қазгидромет қолайсыз метеожағдайлар қалыптасқан жағдайда:

  • ашық ауада ұзақ уақыт болмауға;
  • балалар мен жүкті әйелдердің серуендеу уақытын шектеуге;
  • созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге;
  • ашық ауадағы қарқынды дене жаттығуларының орнына жабық спорт залдарын пайдалануға кеңес береді.

Алайда 29 маусымға арналған болжам бойынша мұндай қауіп жоқ, сондықтан елімізде ауа сапасы қалыпты деңгейде болады.