Бүгiн 2026, 07:48 Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің дерегінше, 5 наурызда мұндай қауіп болжанбайды.

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 5 наурызға арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мекеме мәліметінше, бұл күні еліміздің өңірлерінде ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқамерзімді факторлар. Олардың қатарына тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады. Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.

Синоптиктердің дерегінше, 5 наурызда мұндай қауіп болжанбайды.