Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 2 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай, Астана қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Қазақстанның 15 өңірінде күн райы бұзылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay
Өзгелердің жаңалығы