Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер еліміздегі бүгінгі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 29 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бүгін барлық өңір бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы