Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 25 шілдеде еліміздің бірқатар өңірлерінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталса, Алматы мен Өскемен қалаларында керісінше, ауа сапасының нашарлауы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, екі қалада қолайсыз метеожағдайлар қалыптасуы ықтимал. Бұл – желдің болмауы, тұман, инверсия сынды ауада зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін қысқа мерзімді табиғи факторлардың жиынтығы.
Мұндай жағдай кезінде тұрғындар денсаулығына қауіп туындауы мүмкін. Әсіресе тыныс алу жолдары сырқаттарына шалдыққан адамдар мен балалар үшін бұл аса маңызды.
Қолайсыз метеожағдайлар кезінде мамандар ашық ауада ұзақ жүрмеуге, бетперде тағып, терезені жауып жүруге кеңес береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда әйелдер консультациясы бөлімшелері қайта ашылады
Келесі жаңалық
Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс
Өзгелердің жаңалығы