15 Қараша 2026, 06:27 Фото: pixabay

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлауы мүмкін?

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында, ал Көкшетауда түнгі уақытта күтіледі.

Қазақстанның төрт қаласында атмосферадағы зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы BAQ.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында, ал Көкшетауда түнгі уақытта күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, баяу жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл адам денсаулығына кері әсерін тигізуі ықтимал.

Ауа ластануының деңгейін анықтайтын негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы. Оған желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы және температурасы жатады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде тұрғындарға мынадай сақтық шараларын сақтау ұсынылады:

  • Ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында болу уақытын қысқарту қажет. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартқан жөн.

  • Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

  • Ашық ауадағы дене жүктемесін шектеу ұсынылады. Дене шынықтыру және спортпен айналысуды жабық спорт кешендерінде өткізген дұрыс.