26 Шілде 2026, 07:53 Фото: pixabay

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, бұл адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

26 шілдеде Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға қозғалыс бағытын жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады. 

Синоптиктердің мәліметінше, 26 шілдеде Ақтөбе қаласында, ал түнгі уақытта Астана мен Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар деп атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы факторларының (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімін айтады.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, бұл адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы, температура).

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде тұрғындарға:

  • ашық ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздеріне жақын жерлерде ұзақ жүрмеу ұсынылады. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартқан жөн;
  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек;
  • ашық ауадағы дене белсенділігін шектеу қажет. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу ұсынылады.