Бүгін қай қалаларда ауа ластанады

Бүгін, 6 тамыз күні Қазақстанның үш қаласында атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматы қаласында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырау және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар  қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфералық ауаның төменгі қабаттарында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді табиғи факторлардың жиынтығы. Мұндай жағдайларда әлсіз жел, тұман, инверсия, ауа температурасының ауытқуы сияқты құбылыстар байқалып, зиянды заттардың таралуы шектеледі.

Метеожағдайлардың бұл түрі атмосфералық ауа сапасының нашаруына әкелуі мүмкін, ал ол өз кезегінде адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ауа райы мен экологиялық жағдайға бейжай қарамау – денсаулықты сақтау жолындағы маңызды қадам. Қала тұрғындары мен қонақтарына ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, бетперде тағып жүруге, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдарға абай болуға кеңес беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы