Бүгiн 2026, 08:08 Фото: pixabay

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

8 шілдеде Орал қаласында, түнде Қостанай, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.