Бүгiн 2026, 07:30
Фото: pixabay
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
6 шілдеде Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.