Бүгiн 2026, 08:32 Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Мамандар ауа сапасы нашарлаған кезде ұзақ серуеннен бас тартуға шақырады.

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 28 мамырға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, бұл күні Қазақстан аумағында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Оған тынық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады.

Мұндай жағдайлар кезінде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Синоптиктер ауадағы ластану деңгейінің қалыптасуына желдің бағыты мен күші, жауын-шашын, ауа температурасы және ылғалдылық секілді метеорологиялық факторлар тікелей ықпал ететінін атап өтті.