Бүгiн 2026, 08:13 Фото: pixabay

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеожағдайлар кезінде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, бұл адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

2026 жылғы 18 мамырда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі.

Қолайсыз метеожағдайлар – зиянды заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, бұл адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдай болжамы (жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы, ауа температурасы).

Қолайсыз метеожағдай кезінде мамандар:

ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ уақыт болмауға кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартқан жөн;

өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдар ашық ауаға шыққанда өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі қажет;

ашық ауадағы дене жүктемесін шектеу ұсынылады. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан дұрыс.