Бүгiн 2026, 08:54
Фото: BAQ.KZ архиві
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Мұндай кезде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Бүгін, 18 сәуір күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тек Ақтөбе қаласында болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің түсіндіруінше, мұндай жағдайлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығымен байланысты. Олардың қатарына желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Мұндай кезде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қауіп жоғары.