Бүгiн 2026, 08:37 Фото: BAQ.KZ архивІ / Артем Чурсинов

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің айтуынша, осы кезеңде елді мекендердегі ауа сапасы төмендеуі ықтимал.

"Қазгидромет" еліміздің 8 қаласында 19 наурыз күні ауа сапасының нашарлау қаупі бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мекеме мәліметі бойынша, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Риддер, Орал, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін.

Мұндай жағдайлар әдетте ауа қозғалысының баяулауынан, тұманның түсуінен немесе атмосферадағы инверсия құбылысынан туындайды. 

Соның салдарынан зиянды заттар ауада жиналып, ластану деңгейі артады.

Синоптиктердің айтуынша, осы кезеңде елді мекендердегі ауа сапасы төмендеуі ықтимал.