Бүгiн 2026, 08:06 Фото: pixabay

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 наурызда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.