Бүгiн 2026, 08:38
Фото: pixabay
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды.
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2 наурызда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау қалаларында күтіледі, – деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.