Бүгiн 2026, 08:15
Фото: pixabay
26 ақпанда қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Көкшетау, Павлодар, Орал, Ақтөбе қалаларында, түнде Қостанай, Атырау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.