Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК бүгінге, 13 желтоқсанға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында күтіледі. Мұндай жағдайлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін ауа райы факторларымен байланысты. Олардың қатарында тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия бар.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы