Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 11 қарашада Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлар: тыныштық, әлсіз жел, тұман және инверсия. Мұндай жағдайларда ауа сапасы нашарлап, адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы, желдің жылдамдығы, жауын-шашын мен ылғалдылық ҚМЖ деңгейін анықтайтын негізгі факторлар болып табылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы