Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 13 тамызда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар әсерінен ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар жиынтығы. Олардың қатарына желдің болмауы немесе өте әлсіз соғуы, тұман, температуралық инверсия жатады. Мұндай жағдайда елді мекендерде ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ластану деңгейіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы. Оған желдің жылдамдығы мен бағыты, жауын-шашын мөлшері, ылғалдылық және ауа температурасы кіреді.

13 тамызда Қазақстанның өзге қалаларында негізінен қолайлы метеорологиялық ахуал болжануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы