Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 24 шілдеде Алматы, Өскемен, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, бұған дейін елдің 17 облысында дауылды ескерту жарияланғанын жаздық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе әкімдігі 7 жылдан бері салынып бітпеген мектеп құрылысына неге нүкте қоймай отыр?
Келесі жаңалық
Тоқаев Таиланд халқын Ұлттық мерекесімен құттықтады
Өзгелердің жаңалығы