5 Маусым 2025 2025, 08:25 Фото: pixabay.com

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 5 маусымда Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.