16 Маусым 2025 2025, 08:08 Фото: pixabay.com

Бүгін қай өңірлерде ауа сапасы нашарлайды

Бүгін бес қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Бүгін бес қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

2025 жылғы 16 маусымда Қарағанды, Теміртау, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.