Бүгін Петропавл қаласының барлық үйіне су беріледі
Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлевтің айтуынша, уақытша желілерді салу, сондай-ақ басқа станцияларды пайдалану бойынша шаралар қабылданды. Жергілікті билік мәселені кешке дейін шешеміз деп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеше кешке билік ауыз су жеткізетін пункттерді белгіледі. Кешке дейін Петропавл қаласының барлық үйлеріне су берілмек, - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында.
Жалпы, облыстағы су тасқыны жағдайы келесідей: Сергеев су қоймасының толымдылығыы 168% құрады, су қоймасына аққан су - 3 м 50 см.
Су азайып келеді, баяу, бірақ төмендеуде. Дегенмен, су келіп жатыр, әсіресе Қызылжар ауданында және Петропавл қаласында. Есіл ауданында біршама азайды. Онда 112 үйді су алған. Қызылжар ауданы көп зардап шеккен. Онда 320 үйді су басқан, 1839 адам эвакуацияланды, - деді спикер.
Петропавл қаласында тәулігіне 135 үй су астында қалған. Халықты эвакуациялау жүргізіліп жатыр.
Есіл өзенінің тасуы салдарынан зардап шеккен адамдар Петропавл қаласы мен аудан орталықтарындағы 19 эвакуациялық пунктке орналастырылды, - деп толықтырды спикер.
Жалпы, облыс бойынша 3670 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1123 бала. 44 адам үйлеріне оралды.