Бүгiн 2026, 07:48
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Бүгін павлодардық оқушылар қашықтан оқиды
Синоптиктер түнде ауа температурасы -35…-37 градусқа дейін төмендейтінін болжаған.
Бүгін, 25 ақпанда Павлодар облысында ауа райының күрт суытуына байланысты мектептерде оқу қашықтан форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері сабақтарды онлайн оқиды.
Синоптиктер түнде ауа температурасы -35…-37 градусқа дейін төмендейтінін болжаған. Жауын-шашын күтілмейді.
Айта кетейік, осыған ұқсас шешім 25 ақпанда Астана қаласында да қабылданып, 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілген болатын.