11 Наурыз 2026, 07:48
Фото: BAQ.KZ архиві
Бүгін Павлодар облысында оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданған.
Бүгін Павлодар облысында оқушылар мен студенттер онлайн оқуға көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлік білім басқармасының мәліметінше, 11 наурыз күні бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары қашықтықтан білім алады.
Сонымен қатар колледждердің 1-2 курс студенттері де уақытша онлайн форматта оқиды.
Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданған.