Бүгін Парламенттің жетінші шақырылымының алғашқы отырысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясы өтеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтар күні жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.
Мемлекет басшысы 15 қаңтарда Парламент отырысы өтетінін айтқан еді.
Бұған дейін ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова Қазақстандағы сайлау алдындағы күн тәртібін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында Үкімет қашан ауысатынын айтқан болатын.Мемлекет басшысы 15 қаңтарда Парламент отырысы өтетінін айтқан еді.
Қаңтардың 15-інде Парламент пен депутаттар алдында сөз сөйлеймін. Жаңа Мәжілістің құрамы да қатысады. Одан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді. Онда реформалар талқыланады. Ең алдымен – реформа. Реформаларды міндетті түрде жалғастыру керек, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БЖЗҚ тағы бір қосымша сервисті іске қосты
Өзгелердің жаңалығы