Бүгін – Отбасы күні
Қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні атап өтіледі.
Бұл мереке шамамен 10 жылдан бері тойланып келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанда отбасылар саны 1,5 млн астам өсті, ал ажырасу саны соңғы 5 жылда 48,6%-ға азайды.
Отбасы – басты құндылық. Ол адам өмірінде ерекше орын алады. Кішкентай азамат құрмет, сүйіспеншілік, өзара көмек, еңбекқорлық сияқты маңызды құндылықтарды отбасында біліп өседі. Ата-аналар балаларына баға жетпес өмірлік тәжірибе береді, қиындықтарды еңсеруге үйретеді, бойындағы қабілеттер мен таланттарды дамытуға көмектеседі, ұлттық дәстүрлермен таныстырады.
Отбасы күні құтты болсын! Барша қазақстандықтарға бақыт пен амандық, өзара түсіністік пен бірлік тілейміз. Бүгінгі күнді жылы отбасылық ортада өткізейік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада өрт сөндірушілер 200 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы