Бүгін Өскеменнің ауасы ластануы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мамандары бейсенбі, яғни 3 желтоқсан күні еліміздің қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.

Мамандардың мәліметінше, бейсенбі күні еліміздің бір қаласында – Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы