Бүгін Өскемендіктер қос мерекені атап өтіп жатыр

Облыс орталығында бірден екі мереке – Конституция күні мен Өскемен қаласының 302 жылдығы аталып өтіп жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Сондықтан қала тұрғындары үшін бұл күні бірнеше маңызды шаралар жоспарланған.
Соның бірі – Протозанов көшесінен емхананың ашылуы. Медициналық мекеме соңғы технологиямен жабдықталған. Жаңа емхана өз кезегінде Буров көшесі мен Әуезов даңғылындағы жұмыс істеп тұрған емханалар жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.
Сондай-ақ қала әкімшілігі Островский көшесінде Аблакет ауданының тұрғындарын қуанышқа бөлеп, абаттандырылған ауланы сыйға тартты. Мұнда заманауи ойын алаңы орнатылған.

Негізгі салтанатты шаралардың бірі қалалық алаңда өтеді. Мұнда түскі 12-ден бастап концерт болып жатыр. Шығармашылық топтар мен әншілер қала тұрғындары үшін өнер көрсетеді. Алаңдағы субұрқақтар алдына тақырыптық киіз үйлер тігіліп, онда Қазақстан мен Өскеменнің тарихы қамтылған.

Айта кетейік, мереке күндері қалада Металлург саябағы мен амфитеатр аймағында да абаттандыру жұмыстары аяқталды.
Ал кешке облыс орталығының қонақтары мен тұрғындарына қазақ эстрадасының жұлдызы Мирас Жүгінісов өнер көрсетеді. Ал 22:00-де орталық алаңда отшашу болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы